ҚАПШАҒАЙ ҚАЛАСЫНДА 400-ДЕН АСТАМ ОТБАСЫНА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨРСЕТІЛДІ

Уақыты: 12.04.2020
Оқылды: 1149

Төтенше жағдай жарияланған уақыттан бүгінге дейін мемлекет, меценаттар мен қоғамдық ұйымдар тарапынан әлеуметтік жағынан осал топтарға жататын қапшағайлықтарға да қолдау жан-жақты көрсетілуде. Бұл туралы Қапшағай қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінгі таңға дейін жалпы Қапшағай өңірінде 342 отбасыға азық-түлік ретінде көмек берілді. Қапшағай қалалық кәсіпкерлік бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, «Nur Otan» партиясының Қапшағай қалалық филиалы мен еріктілер тарапынан кеңейтілген "БІЗ БІРГЕМІЗ" акциясы ұйымдастырылып, тағы 81 отбасыға әлеуметтік азық-түлік ұсынылды.

Айта кетер сәт, мұндай көмекке аз қамтылған отбасылар, мүгедектер, жалғыз басты қариялар мен көпбалалы отбасылар енгізілген. Аталған жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ. Қапшағай тұрғындары осындай қайырымдылық жасап жатқан барша жомарт жүрек азаматтарға алғыс білдірді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"