БІЗ БІРГЕМІЗ! ПАНФИЛОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АЛҒЫСЫН БІЛДІРДІ

Уақыты: 12.04.2020
Оқылды: 1197

«Біз біргеміз» республикалық акция аясында Панфилов ауданының Жаркент қаласында екі мыңға жуық отбасына азық-түлік таратылды.

Төтенше жағдай кезінде аудан тұрғындарына қолдау көрсетуге жергілікті кәсіпкерлер Закиржан Кузиев пен Серік Ақсубаев 15 миллионға жуық қаражат бөлген.

- Біз аудандағы кәсіпкерлермен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Бұған дейін 700-ге жуық көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді. Ал 11 сәуірде 1800 шаңыраққа әлеуметтік пакет таратылды. Осындай қысыл-таяң сәтте тұрғындарға қолдау көрсеткен кәсіпкерлерге алғыс білдіремін, - дейді Панфилов ауданы әкімі Талғат Өмірәлиев.

1800 отбасын қамтыған қайырымдылық Закиржан Кузиев басқаратын Жаркент крахмал-сірне зауытының қызметкерлерін де қамтыған. «Бізде 1200-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Төтенше жағдайға қарамастан жұмыс тоқтаған емес. Сондықтан, осындай жағдайда қол ұшын беру керек. Алдағы уақытта мұндай қайырымдылық шаралары жалғасын табады», - дейді зауыт басшысы.

Жаркент тұрғындары кәсіпкерлерге көрсеткен көмегі үшін алғыстарын білдірді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Панфилов ауданы

Алматы облысы