"30 КҮНДЕ - 30 БАСПАНА" ЖОБАСЫМЕН ТАҒЫ БІР ОТБАСЫ ҮЙЛІ БОЛДЫ

Уақыты: 23.05.2020
Оқылды: 1196

«Харекет» қайырымдылық қорының өкілдері ескелділік мұқтаж отбасына баспана бақытын сыйлады.

«30 күнде - 30 баспана» жобасы аясында айлардың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айының соңғы күндері Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылынан 6 бала тәрбиелеп отырған Қуанбай Асылбек пен Хожу Баршагүлдің отбасына баспана кілті табысталды. Бұл - осымен 210-ншы отбасын қуантып отырған қайырымдылық шарасы.

Белгілі болғандай, бұл отбасында медицина тілінде «ДЦП» аталып жүрген церебральді параличі ауруымен ауыратын баласы бар екен. Баласын Ескелді аудандық ауруханасына тұрақты түрде тексеруден өткізіп тұрады. Баспана да ауруханаға жақын маңнан берілді.

Баспананы табыс ету құрметі Азияның екі дүркін чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Нұрбақыт Теңізбаев пен киокушинкай каратэден әлем чемпионы Мерей Сүйіновке бұйырды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"