600 МЫҢ ТЕҢГЕ ЖИНАЛДЫ: ДӘРІГЕРЛЕРГЕ АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ

Уақыты: 18.07.2020
Оқылды: 1871

Әлем жұртын әбігерге салған қауіпті індетпен күресіп жатқан абзал жандарға жомарт жүректі кәсіпкерлер тарапынан көмек көрсетілуде. Осыған орай Ақсу ауданының 8 ауылдық округ азаматтары қайырымдылық шарасын өткізді.

Шараның мақсаты - тұрғындардың және ақ халатты абзал жандардың отбасыларын, жақындарын сақтау, оларға қолайлы жағдай туғызу. Аудандық орталық аурухананың провизорлық және жұқпалы аурулар бөлімінде қызмет ететін 64 медицина қызметкерлері 2 айдан бері Е.Сихымов атындағы мектеп-интернатының жатаханасына орналасқан болатын.

Сол жердегі ақ халатты абзал жандарға  Қызылағаш, Ақсу, Ойтоған, Қарагөз, Жаңалық, Қарашілік, Н. Есеболатов, І. Жансүгіров ауылының тұрғындарының ұйымдасуымен 600 мың теңге қаражат жиналды.

Індетпен күресіп жүрген абзал жандарға азық-түлік, жеміс-жидек, қой еті мен қымыз таратылды. "Көп түкірсе - көл" демекші азаматтардың осындай қиын шақта қол ұшын созып көмек көрсетуі, Ақсу елінің ұйымшылдығы мен ауызбіршіліктерін танытты. Осындай қайырымды азаматтарғдың құрметін сезінген емхана ұжымы алғыстарын айтып, ризашылықтарын жеткізді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"