АУДАНҒА БЕЛГІЛІ КӘСІПКЕР БАЛАЛАРҒА ЕРЕКШЕ СЫЙ ЖАСАДЫ

Уақыты: 28.08.2020
Оқылды: 1364

Биылғы жаңа оқу жылында оқушылар қашықтықтан білім алады. Қашықтықтан білім алу барысында оқушылардың назарына "Отау Тв" цифрлық телевизиясы арқылы қызықты бейнесабақтар өткізіледі. Ал кейбір оқушылардың ондай сабақтарды көруге мүмкіндіктері жоқ.

Осы орайда жеке кәсіпкер Бақыт Түкебаев Ескелді ауданындағы көпбалалы отбасылардың балаларына және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жеткіншектерге көмек көрсету үшін 60 дана "Отау Тв" антеннасын сыйға тартты.

Осындай қиын уақытта балаларды назардан тыс қалдырмай, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, азаматтық танытқаны үшін Ескелді ауданының тұрғындары Бақыт Сүйінбайұлына алғыс айтты.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"