Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ҚАЛҚА ЖАПСАРБАЕВҚА 135 ЖЫЛ: АҚЫН АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП ЖӨНДЕЛЕДІ

Уақыты: 03.03.2021
Оқылды: 404

Қалқа Жапсарбаевтың мерейтойына орай ақын атымен аталатын мектепке жөндеу жұмыстары жасалмақ. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Биыл қазақта «қанжар ақын» атанып кеткен, суырып салма ақын Қалқа Жапсарбаевтың туғанына 135 жыл. Мерейтойға арналған іс-шаралардың жоспарында ақын атымен аталатын орта мектепке ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу бар. Қарастырып отырылған қаражат - 80 млн.теңге.

– Жөндеу жұмыстарын мамыр айының соңында бастауды жоспарлап отырмыз. Мектептің сырты, су жүйесі, есіктері, едендегі кафель жабындыларын ауыстыру жүргізіледі. Жаңғырту жұмыстарын уақытылы әрі сапалы аяқтауды қатаң қадағалауға алып, қарайтын боламын. Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу құжаттарын реттеу жұмыстары жүргізілуде, - деді Көксу ауданының әкімі Алмас Әділ.

Білікті маман Талғат Құрманғалиев басқарып отырған білім ордасына 1990 жылы "қанжар ақынның" есімі берілген. Бүгінде 447 бала оқу ордасында білім алуда. Оқушылар республикалық, облыстық байқауларда топ жарып, спорттық талай сындарда жүлдемен оралған. Тіпті, мектеп әкімшілігінің айтуынша айтыс өнеріне қызығушылық білдіретін оқушылар да көп.

Балаларының жеткен жетістіктеріне риза болған ата-аналардың мектеп ұжымына айтар алғысы шексіз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"