Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА МАС ЖҮРГІЗУШІ ТӨРТ ОҚУШЫНЫ ҚАҒЫП КЕТТІ

Уақыты: 03.03.2021
Оқылды: 578

Еңбекшіқазақ ауданында 4 оқушы қызды көлік қағып кетті. Екі оқушының жағдайы өте ауыр. Бұл туралы "Жетісу" газеті Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

2012 жылы туған балалардың екеуі ес-түссіз ауруханада жатыр. «2012 жылғы екі қыздың жағдайы өте ауыр. Арнайы аппараттың көмегімен демалып жатыр. Бас-ми жарақатын алған. Жамбас сүйектері сынған. Ал үшінші 2011 жылғы қыздың жағдайы тұрақты. Аяғы сынған», - деді Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Ләйлім Әубәкірова.

Оқиға Еңбекшіқазақ ауданының Қорам ауылында болған. Үш бала ауруханада. Көлікті жүргізген 54 жастағы азаматтың ішімдік ішкені анықталды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан