ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛДАҒЫ МАМЫР АЙЫНДА 13 КҮН ДЕМАЛАТЫН БОЛДЫ

Уақыты: 09.04.2021
Оқылды: 658
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстандықтар мамыр айында 13 күн демалады. Бұл жайында "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Мамыр айындағы күнтізбеде 3 мемлекеттік мереке бар. Атап айтсақ, 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр - Жеңіс күні.

Биыл 1 мамыр мерекесі сенбіге дәл келіп отыр. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңына сәйкес, демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс болып есептеледі. Демек, қазақстандықтар сенбі, жексенбі, дүйсенбі 3 күн қатарынан демалады. Сонымен қатар, 9 мамыр жексенбіге келіп тұр. Сондықтан, қазақстандықтар 7, 8, 9, 10 мамыр күндері тағы демалатын болады. Мамыр айында сенбі-жексенбілерді қоса алғанда барлығы 13 күн демалыс.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"