ТАЛҒАР ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН ҰРЛАҒАН КҮДІКТІНІ ҚОЛҒА ТҮСІРДІ

Уақыты: 21.04.2021
Оқылды: 1226
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талғар ауданының полицейлері ұялы телефон ұрлаған күдіктіні қолға түсірді. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Талғар ауданының 45 жастағы тұрғыны полицияға арыз жазып, үйінен ұялы телефонын қолды қылған белгісіз азаматқа қатысты шара қолдануын сұраған. Ұялы телефонды табуға бағытталған жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 34 жастағы Алматы қаласының тұрғынын ұстады.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті деп танылған Алматы қаласының тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Ол өзінің жасаған қылмысын мойындады.

Тергеу барысында зардап шегушіге 90 мың теңге мөлшерінде материалдық шығын келгені анықталды. Тәртіп сақшылары күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы барын анықтайтын болады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан