ЕМХАНАҒА ТІРКЕЛУДІҢ ЕҢ ОҢАЙ ҮШ ЖОЛЫ БАР: МАМАНДАР ТҮСІНДІРДІ

Уақыты: 22.05.2021
Оқылды: 1434
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Емханаға тіркелудің ең оңай үш жолы бар. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың (МӘМС) барлық артықшылықтарын пайдалану үшін емханаға тіркелу қажет. Мұндай қажеттілік туындаған кезде көбісі оны қалай жасау керектігін білмейді. Емханаға тіркелудің үш жолы бар. Халыққа қызмет көрсету мамандары ол үш жолды былайша түсіндірді:

Портал арқылы Egov.kz:

1.Порталда авторизациядан өтіңіз;
2.Іздеу жолы арқылы "алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу" қызметін табыңыз;
3.Қызметті онлайн сұраңыз;
4.Емхана мен дәрігерді таңдаңыз;
5.Мекен-жайы мен байланыс мәліметтерін көрсетіңіз
6.ЭЦҚ көмегімен сұранымға қол қойыңыз.

Қызмет нәтижелері жеке кабинетте көрсетілетін болады.

Телеграм бот арқылы @Kenes1414Bot:

1.Телеграм мессенджерінде @Kenes1414Bot табыңыз;
2.Телеграм ботты іске қосыңыз, "қызметтер" ашыңыз";
3."Денсаулық сақтау" таңдаңыз, "мессенджер арқылы медициналық ұйымға тіркелу" батырмасын басыңыз;
4.Қызметті кімге қабылдайтыныңызды көрсетіңіз (өзіңізге/балаға);
5.Мекенжай деректерін растаңыз және емхананы таңдаңыз;
6.Әрі қарай, бот тіркелу себебін және дәрігердің деректерін сұрайды;
7.Растау кодын енгізіңіз;
8.Телеграм-бот сіздің өтінішіңіздің нөмірін және көрсетілген қызметтің мәртебесін көрсетеді.

Емхана арқылы:

Жеке куәлігіңізбен және денсаулығыңызға қатысты құжаттармен емхананың тіркеу бөліміне хабарласыңыз. Емханаға тіркелу туралы өтініш жазыңыз. Қызмет көрсету мерзімі -1 жұмыс күні.

Маңызды: тіркелуден бұрын емхананың толық атауын және емдеуші дәрігердің аты-жөнін білу қажет. Тіркелу кезінде сіз автоматты түрде алдыңғы емханадан кетесіз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан