"ТАУ ЖЕТІСУ" ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫНДА ҚАЙҒЫЛЫ ЖАҒДАЙ: БІР АДАМ МЕРТ БОЛДЫ

Уақыты: 08.07.2021
Оқылды: 2900
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Текелі маңындағы "Тау Жетісу" демалыс орнында ер адам бассейнге батып, мерт болды. Бұл туралы "Жетісу" газеті төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

«Ескелді ауданындағы «Тау Жетісу« демалыс аймағындағы бассейнде шамамен 27-30 жас аралығындағы ер адам суға батып кетті. Денесі бассейннің түбінен, 1.8 метр тереңдіктен табылды. Мүрдені демалыс аймағының жұмысшылары судан шығарды», - делінген Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Төтенше жағдай қызметкерлері азаматтардан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды