АҚСУ АУДАНЫНЫҢ ТОҒЫЗ ОКРУГІНДЕ ӘКІМДЕРГЕ ДАУЫС БЕРУ ЖАЛҒАСУДА

Уақыты: 25.07.2021
Оқылды: 1347
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Сайлау науқаны Ақсу ауданының 9 округінде өтіп жатыр. Нақтырақ айтсақ, Жансүгіров, Көшкентал, Арасан, Ойтоған, Қаракөз, Қарашілік, Егінсу, Молалы, Жаңалық округтарында саяси науқан қыза түсуде. Бұл туралы "Жетісу" газеті Ақсу ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Сайлау округтерін тағайындау, құру туралы ақпарат, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары аудандар мен қалалар әкімдіктерінің сайттарында орналастырылған және жергілікті БАҚ-та жарияланған.

Барлығы сайлау кезінде 1 аумақтық және 19 учаскелік сайлау комиссиясы, 117 сайлау комиссиясының мүшесі жұмыс істейді. Сайлаушылар саны 13046   адамды құрайды.

Жалпы, 32 үміткер ұсынылып, 1 адам өз еркіммен бас тарты, 2-уі талапқа сәйкес келмеді, қалғаны - 29 кандидат. Олардың 6-уы саяси партиялардан, 23-і өзін-өзі ұсыну арқылы тіркелгендер.

Орташа бәсекелестік – 3 адам. Барлық округтерде үміткерлердің саны 3-тен көп. Ең көп үміткер саны - 4 (Ақсу ауданы Жаңалық, Қарашілік ауылдық округтері). Оның ішінде, саяси партиялар 5 сайлау округіне үміткерлерін ұсынды: «Nur Otan» партиясы - 4, «Ауыл» ХДПП - 1, «АDAL» СП - 1. 4 сайлау округінде бір ғана саяси партияның үміткерлері бар. 1 округте бір саяси партиядан. Бұл ретте 9 округте (23 ) үміткерлер өзін-өзі ұсыну жолымен ғана сайлауға түсуде. Ұсынылған 29  үміткердің 27-сі ер, 2-уі әйел азаматша.

23  үміткер жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметшілер болып табылады. Оның ішінде, 4  үміткер қайта сайлану арқылы дауысқа салынуда. 4-уі коммерциялық құрылымдардың өкілдері, 1-уі бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, 1-уі уақытша жұмыс істемейді. Сайлауға қатысатын 1 үміткердің ғылыми дәрежесі бар.

Үміткерлердің орташа жасы – 40. Ең жасы - 26-да. 14 үміткер сайлау өтетін ауылдық округте, 12 үміткер ауданда, 3 үміткер қалада тұрады. Кандидаттарды тіркеу 14 шілдеде сағат он сегізде аяқталған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"