Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ӨЗ-ӨЗІНЕ ҚОЛ ЖҰМСАҒАН МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНА ҚАТЫСТЫ ТЕРГЕУ БАСТАЛДЫ

Уақыты: 15.09.2021
Оқылды: 589

Ұйғыр ауданында мектеп директоры өз-өзіне қол жұмсады деген ақпарат тарады. Қайғылы жағдайды Алматы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі растады.

Мектепте қызмет атқарған 1975 жылғы ер адам үйінде өз-өзіне қол жұмсаған. «Азизжан Тұрсынұлы Дараев 2011 жылдан бастап осы уақытқа дейін Үлкен Ақсу ауылындағы Ғ.Садуақасов атындағы орта мектеп директоры болып жұмыс істеген. Үйленген, отбасы бар», - делінген басқарма хабарламасында.

Марқұмның соңында үш баласы, зайыбы қалды. Екі баласы студент, бір баласы мектепте оқиды. «Бүгінгі күні Ұйғыр аудандық полиция бөлімінде орын алған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп толықтырды білім басқармасының өкілдері.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"