АЛМАТЫ ӘУЕЖАЙЫНДА ҰШАҚ ПЕН АВТОКӨЛІК СОҚТЫҒЫСТЫ. ТЕРГЕУ БАСТАЛДЫ

Уақыты: 22.10.2021
Оқылды: 760
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы халықаралық әуежайында көлік ұшақтың астына кіріп кетті. Болған оқиғаны көлік полициясы растады.

Желіде тараған бейнежазбаға сәйкес, ұшақ пен көлік таңғы сағат 7-де соғылған. Көліктік полиция департаменті мән-жайды анықтады. «Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді», - деп хабарлады полиция өкілдері.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"