ЕГЕР СІЗ ЖҰМЫСТАН ШЫҒЫП ҚАЛСАҢЫЗ, ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ АЛУҒА ҚҰҚЫЛЫСЫЗ

Уақыты: 04.01.2022
Оқылды: 2880
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Егер сіз жұмыстан шығып қалсаңыз, көп уайымдамаңыз. «Әрекет түбі - берекет» деген халық даналығын еске түсіріп, алдағы бағыттарыңызды бағамдап алыңыз.

Жаңа жұмыс іздеуді бастамас бұрын сіз жұмыссыз ретінде әлеуметтік төлем алуға өтініш бере аласыз.

Оны мынадай жолмен онлайн жасауға болады: 1.Egov.kz порталында авторизациядан өтіңіз; 2.«Жұмыссыз ретінде тұлғаларды тіркеу» қызметін таңдап, онлайн сұраным жіберіңіз; 3.Өтінімге ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз.

Қызмет нәтижесін 1 жұмыс күні ішінде жеке кабинетіңізден біле аласыз. Маңызды! «Қандас» мәртебесі бар адамдар онлайн өтініш бере алмайды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"