БҮЛІК КЕЗІНДЕ ЖАРАҚАТ АЛҒАН КӘСІПКЕР ЖАҢА ҚЫЗМЕТТІҢ ТІЗГІНІН ҰСТАДЫ

Уақыты: 23.01.2022
Оқылды: 1057
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жетісу өлкесіне танымал кәсіпкер, қайырымды азамат Дәурен Тәліпов жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

"Алматы облысы әкімі аппараты басшысының бұйрығымен Тәліпов Дәурен Оразғалиұлы облыс әкімі аппараты "Шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастығы болып тағайындалды", - делінген облыс әкімдігі таратқан ресми хабарламада.

Еске салайық, Дәурен Тәліпов - Талдықорғандағы мейрамханалар желісін құрушы кәсіпкер. Ол қаңтар бүлігі кезінде күштік құрылым өкілдеріне қайырымдылық жасап жүріп жарақат алған еді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"