ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА ЖОЛДЫ КЕСІП ӨТПЕК БОЛҒАН ЖҮРГІНШІ КӨЗ ЖҰМДЫ

Уақыты: 23.01.2022
Оқылды: 1052
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған 45 жастағы ер адамды Mitsubishi Carisma көлігін тізгіндеген талғарлық жүргізуші қағып кетті. Оқиға Еңбекшіқазақ ауданында болған.

Қатты соққы салдарынан көлік те, жаяу жүргінші де жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Ал сол жолмен келе жатқан ВАЗ-2114 көлігі алдымен жаяу жүргіншіні қағып, одан соң көлікке соғылған. Екінші көліктің тізгінінде Еңбекшіқазақ ауданының 31 жастағы тұрғыны болған. Салдарынан жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Марқұм Нұр-Сұлтан қаласынан Жамбыл ауылына (Жамбыл ауданы) анасының үйіне қонаққа келген. Қаралы ана ұлының Еңбекшіқазақ ауданына қалай тап болғанын білмейді. Түнде ол өз жұмысымен үйден белгісіз бағытқа шығып кеткен.

"Аталған факт ҚР Қылмыстық кодекстің 345 бабы, 3-бөлігі бойынша тіркелді. Жол апатының себебі - қараңғы уақытта жаяу жүргіншінің белгіленбеген жерден жол үстіне шығуы. Сондай-ақ, жол оқиғасына қатысушылардың барлығына қатысты медициналық сараптама тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша әрқайсысының алкоголь тұтынған-тұтынбағаны анықталады", - деді полиция өкілдері.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"