АЛМАТЫ МАҢЫНДА 2 БАЛДЫҚ ЖЕР СІЛКІНІСІ СЕЗІЛДІ - ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ

Уақыты: 24.01.2022
Оқылды: 1075
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісі тіркелгенін мәлімдеді.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі "Сейсмологиялық тәжірибе әдістемелік экспедициясы" ММ сейсмикалық станциялар желісі Алматы уақытымен 16 сағат 01 минутта жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің эпицентрі - Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 9.9 км жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8.0. MPV магнитудасы - 3.1. Эпицентрдің координаттары - 43.11° с.ш.76.90° в.д. Тереңдігі - 10 шақырым. Сезілетіндігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Алма Арасан шатқалы - 2 балл.

Құрбан болғандар, қираған нысандар тіркелген жоқ, жағдай тұрақты. «112» және «101» жүйелеріне тұрғындардан қоңырау түспеді. Гидротехникалық құрылыстар бүтін. Көшкін, сел жүру қаупі бар учаскелерде бүліну, шөгу және жарықшақтар анықталмады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"