ӨЗ ЕРКІМЕН ҚАРУ ӨТКІЗГЕН ШЕЛЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫНА АЛҒЫС ХАТ БЕРІЛДІ

Уақыты: 24.01.2022
Оқылды: 1270
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Шелек ауылының 25 жастағы тұрғыны Алматыдан қайтып келе жатып тауып алған оқ-дәріні, гранатаны, соққыға қарсы қалқанды өз еркімен полиция бөлімшесіне өткізді. Бұл туралы "Жетісу" газеті Алматы облысының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылындағы полиция бөлімшесіне 25 жастағы жігіт жүгініп, тауып алған заттарын өткізетінін айтқан. Оның қолында граната, 12 оқ-дәрі, қалқан болған. Қару-жарақты өз еркімен өткізгендерге ешқандай іс қозғалмайтыны туралы естіген ол полиция бөлімшесіне өз еркімен келген. Жас жігіт барлық қазақстандықтарды тауып алған қару-жарақтарын өз еркімен өткізуге шақырып, осы қадам арқылы ғана ел тыныштығын сақтап қалуға болатынын айтты.

Шелек полицейлері игі қадам жасаған жас жігітке Алғыс хат берді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"