ТУРИСТЕР ҮШІН ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ: ЖАЗДА АЛАКӨЛГЕ 11 ПОЙЫЗ ҚАТЫНАЙДЫ

Уақыты: 14.04.2022
Оқылды: 1067
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Биыл жазғы демалыс маусымында Алакөл аймағына 11 жолаушылар пойызы қатынайды.

Нақтылай айтқанда, Алматыдан аптасына екі рет «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Тальго «Алматы-2-Достық» жүрдек пойызы қатынаса, тура осы құрамның жүрдек емес жай пойызы да осындай жиілікпен жолға шығады. Сонымен қатар, жұп күндері «Алматы-2-Достық» пойызының ауысып отыруға болмайтын вагондары, «Вагонсервис Алматы» ЖШС-ның «Алматы-Достық» пойыздары аптасына 3 рет, «ТұранЭкспресс» ЖШС-ның «Алматы-2-Достық» пойызы да аптасына үш рет Алакөлге барып келеді.

«Ал Нұр-Сұлтан қаласынан «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның 2 пойызы аптасына 2 рет және жеке тасымалдаушының 1 пойызы жұп күндері Нұр-Сұлтан-1 және Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол станцияларынан Достыққа қатынайды. Шығыс Қазақстан облысынан «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның «Семей-Достық», «Өскемен-Достық» бағдарлары бойынша пойыздары тақ күндері және «Ақтоғай-Достық» пойызы күн сайын жүретін болады», - делінген жарияланымда.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"