САРЫӨЗЕК-КӨКТАЛ АВТОЖОЛЫНДА БҰРҒЫЛАУ-ЖАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Уақыты: 14.04.2022
Оқылды: 1141
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Сарыөзек-Көктал республикалық маңызы бар автожолында жару жұмыстары жүргізілді.

Аталған автожолдың 45-68 шақырым учаскесінде реконстукциялық жұмыстар жүргізіліп, бір күнге қозғалыс шектелді. Мұнда бұрғылау-жару жұмыстары жүргізілді. Осыған байланысты автокөлік жолының осы учаскесі автокөліктің барлық түрлері үшін бір күнге жабық болды.

Алматы облысының ТЖ департаменті азаматтардан осы бағытта жол жүрер кезде хабарламаларға назар аударуды, бағытты алдын ала түзетуді, 112 қызметі жіберетін СМС-хабарламаларды мұқият оқып отыруды сұрайды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"