ЖЕР АЛУ ҮШІН КЕЗЕККЕ ТҰРҒАНДАР САНЫ 500 МЫҢҒА ЖУЫҚТАДЫ - АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

Уақыты: 20.04.2022
Оқылды: 1319
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында 500 мыңға жуық тұрғын жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алуға кезекте тұр. Бұл туралы Алматы облыстық жер қатынастары басқармасы хабарлады.

"Бүгінгі күні egov.kz электронды үкімет порталында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметі бойынша Алматы облысы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алуға 728 605 өтініш берілген, оның ішінде, 459 207 өтініш тіркелді", - делінген ресми хабарламада.

Облыс бойынша 2016-2022 жылдар аралығында жеке тұрғын үй құрылысына 3976 жер телімі берілген (2018 ж. - 1214, 2019 ж. - 988, 2020 ж. - 1160, 2021 ж. - 575, 2022, 1-тоқсанда - 39).

Әкімдік 2022 жылы дайындалып, инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жер телімдерінің саны 1937 (443,19 га) екенін атап өтті. Олар Балқаш, Іле, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Кеген, Сарқанд, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ облыстарында, сондай-ақ, Текелі мен Талдықорған қалаларында беріледі.

Қазір мемлекеттік қызмет Талдықорған қаласын қоспағанда, облыста қолжетімді екені атап өтілді. "ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Талдықорған қаласы бойынша кезекте тұрғандар туралы мәліметтерді дерекқорға енгізу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жұмыстар аяқталғаннан кейін өтініш берушілер жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін алу үшін кезекке тұра алады", - деп атап өтті әкімдік.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"