ІЛЕ АУДАНЫНДА ТАУАР ТИЕЛГЕН ЖҮК КӨЛІГІ ӨРТЕНІП КЕТТІ - ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ

Уақыты: 22.04.2022
Оқылды: 1313
Бөлім: КҮНДЕРЕК

"Алматы-Өскемен" тас жолында халық тұтынатын тауарлар тиелген жүк көлігі өртеніп кетті. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт кешкі уақытта болған. "Сағат 20:53-те төтенше жағдайлар департаментінің кезекші байланыс пультіне Байсерке ауылының маңында халық тұтынатын тауарлар тиелген "Mercedes-Benz" жүк көлігі өртенді деген хабарлама келіп түсті", - дейді департамент өкілдері. Өрт сағат 21:59-да сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жауды сөндіруге Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің алты қызметкері мен екі техникасы жұмылдырылды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"