ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА 71 ЖАСТАҒЫ ҚАРИЯ ЖОЛ АПАТЫН ЖАСАДЫ

Уақыты: 25.04.2022
Оқылды: 1071
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында тағы да жол апаты тіркелді. Оқиға Еңбекшіқазақ ауданында болған.

Жол-көлік оқиғасы "Алматы – Көкпек – Көктал" тас жолының 26-ншы шақырымында орын алды. Оқиға салдарынан үш адам зардап шекті. Алдын ала мәлімет бойынша, "Toyota Carina" көлігінің 71 жастағы жүргізушісі кері бұрылмақ болып, қарсы бағытта келе жатқан "Subaru" көлігіне соғылған.

Алматы облысы полиция департаментінің мәлімдеуінше, бүгінде жол-көлік апаты фактісі бойынша Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 610-бабы бойынша іс қозғалған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"