Оқи отырыңыз
Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті ауа райының өзгеруіне байланысты сақтық шараларын ұстануға шақырады.
"Қазгидромет" РМК-ның ескертуі негізінде 26 сәуір күні Алматы облысының шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Сондай-ақ, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда аралас жауын-шашын болжамына байланысты сел жүруі мүмкін. Өзендерде су тасуы ықтимал.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға алуға шақырады.
"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"