"ТАЗА СУ" АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЛЕПСІ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАЛАУЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

Уақыты: 27.04.2022
Оқылды: 1443
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің 17.03.2022 жылғы «Балық шаруашылығы су айдындарында «Таза су айдындары» табиғатты қорғау акциясын өткізу туралы» бұйрығына және де Қарашыған ауылдық округі әкімінің ауыл тұрғындарымен өткізген жиын хаттамасына сәйкес «Таза су» акциясы ағымдағы жылдың 20 сәуір күні ұйымдастырылды.

Акцияға «Қаратал бөлімі» балық инспекциясының инспекторлары, Қарашыған ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері, Бөрлітөбе ОШКММ-нің Құрақсу орманшаруашылығы №4 шеберлік учаскесінің қызметкерлері және Қарашыған ауылдық округінің тұрғындары қатысты.

Балқаш көліне құятын Лепсі өзенінің сағасында орналасқан тасөткел аймағы әуесқой балықшылар және қала тұрғындары қармақ салып, балық аулап демалатын орынға айналды. Сол тасөткелден төмен қарай, 6 шақырымды құрайтын өзен арнасы мен су жағалауын қоқыстан тазартылып, заңмен тыйым салынған 500 метр (5 дана) ау, 3 тонна тұрмыстық қалдық белгіленген шұңқырға көму арқылы жойылды.

Аталған «Таза су айдындары» табиғатты қорғау акциясына 3 автокөлік жұмылдырылды. Табиғатты қорғау баршамыздың парызымыз. Сондықтан да тазалық акциялары алдағы уақытта да жалғасатын болады.

А.СЫЗДЫҚОВ,

Қаратал балық инспекциясы бөлімінің бас маманы

Алматы облысы