ЖЕҢІСКЕ - 77 ЖЫЛ! ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІНЕ ІЗГІ ТІЛЕГІН ЖОЛДАДЫ

Уақыты: 08.05.2022
Оқылды: 3066
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының әкімі Қанат БОЗЫМБАЕВ жетісулық тұрғындарды Жеңіс күнімен құттықтап, ізгі тілегін жолдады.

"Құрметті қауым! Қадірлі жерлестер! Биыл Отан соғысындағы Жеңіске 77 жыл толып отыр. Осы мерейлі мерекемен баршаңызды құттықтаймын! Бейбіт өмір - адамзат баласының ең басты құндылығы. Ардақты ардагерлеріміз сол сұрапыл жылдарда жанқиярлық көрсетіп, Жеңіс туын желбіретті. Ұрпаққа ашық аспан, тыныш заман сыйлады. Бүгінгі бейбіт күнге аман жеткен ардагерлерге лайықты құрмет көрсету, оқ пен оттың ортасынан қайтпай қалған майдангерлерге тағзым ету – ұрпаққа парыз. Ел қазынасына айналған ардақты ардагерлерді, тыл еңбеккерлерін, барша қауымды Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Денсаулықтарыңыз мығым болсын! Отанымыздың абыройы асқақтай берсін! Заманымыз тыныш, тұрақтылығымыз бекем болсын!" - деді Алматы облысының әкімі.