НАЙЗАҒАЙ, НӨСЕР, БОРАН: АУА РАЙЫНА ҚАТЫСТЫ МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТУ

Уақыты: 10.05.2022
Оқылды: 1074
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті ауа райына қатысты ескерту жариялады.

11-12 мамыр күндері Алматы облысының тауларында және тау бөктеріндегі аудандарда жауын-шашын соңы нөсерге ұласып, бұршақ түсуі мүмкін. Сондай-ақ, дауыл, боран соғуы, күн күркіреп, найзағай түсуі ықтимал. Солтүстік-шығыстан жел соғады, желдің екпіні 25-28 м/с-қа жетеді. Бұдан бөлек, қатты аралас жауын-шашын болжамына байланысты облыс өзендерінде су деңгейінің көтеріліп, сел жүру қаупі бар.

Азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға алуға және сақтық шараларын ұстануға шақырамыз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"