ТОЛАССЫЗ ЖАҢБЫР СОҢЫ СЕЛГЕ ҰЛАСУЫ МҮМКІН. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ЕСКЕРТЕДІ

Уақыты: 15.05.2022
Оқылды: 1217
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті ауа райын бақылап, сақтық шараларын ұстануға шақырды.

"Қазгидрометтің" ескертуі негізінде Алматы облысының тауларында қатты аралас жауын-шашын күтіледі. Сондай-ақ, 14-16 мамыр күндері Алматы облысының таулы аудандарында сел жүріп, өзендерде су деңгейі көтеріледі. Алматы облысының тауларында және тау бөктеріндегі аудандарда, атап айтқанда, Жетісу және Іле Алатауы тауларында қатты жаңбыр, бұршақ жаууы, дауылды жел және күн күркіреп, найзағай түсуі күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"