ЛАЙ КӨШКІНІНЕН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ БАСПАНА БЕРІЛЕДІ - ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ

Уақыты: 15.05.2022
Оқылды: 1378
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Текеліде лай көшкінінен зардап шеккендерге баспана берілетін болды. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Қанат БОЗЫМБАЕВ желідегі парақшасында жазды.

«Бүгін Текеліде лай көшкіні жүрді. Бірнеше жекеменшік тұрғын үй бүлінді. Өкінішке қарай, 2016 жылы туған қыз бала қайтыс болды. Жедел қызметтер өз жұмыстарын жүргізуде. Зардап шеккендерге баспана беріліп, көмек көрсетіледі. Марқұмның жақындарына қайғыра көңіл айтамын», - деп жазды Алматы облысының әкімі.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"