ТЕКЕЛІ КӨШЕЛЕРІН ЛАЙ-БАТПАҚТАН ТАЗАРТУҒА ЖҮЗ ШАҚТЫ САРБАЗ ТАРТЫЛДЫ

Уақыты: 16.05.2022
Оқылды: 1510
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Текелі қаласындағы төтенше жағдай салдарын жоюға №28237 әскери бөлімнің 100 қызметкері мен 7 техникасы тартылды.

Әскери қызметшілер мен жергілікті атқарушы органдардың арнайы техникасы жеке үйлер мен көшелер аумағында қалған балшық массасын тазартуда. «16 мамыр күнгі лай көшкінінен кейін жалпы 890 текше метр балшық шығарылды, 81 рейс жасалды. Қазіргі уақытта Қонаев көшесі балшық массасынан тазартылды. Авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге Алматы облысы төтенше жағдай департаментінің 8 қызметкері мен 3 техникасы, полиция бөлімінің 6 қызметкері мен 2 техникасы, жергілікті атқарушы органдардың 20 қызметкері мен 10 техникасы, 16 қызметкері мен 8 техникасы, оның ішінде, «Қазселденқорғау» ММ-нің 3 техникасы жұмылдырылды», - деді төтенше жағдай департаментінің өкілдері.

Еске сала кетейік, кеше 15 мамыр күні, сағат 12.10-да Текелі қаласында тасқын болды. Салдарынан 5 жасар қыз қайтыс болып, бірнеше тұрғын үй бүлінді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"