БІР ТӘУЛІКТЕ 88 АДАМ ІНДЕТКЕ ШАЛДЫҚТЫ. ЕКІ ОБЛЫСТАҒЫ ЭПИДАХУАЛ

Уақыты: 14.07.2022
Оқылды: 2817
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жетісу және Алматы облыстарында соңғы тәулікте 88 адам коронавирус жұқтырды.

Жетісу және Алматы облыстарындағы COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай қайта күрделеніп келеді. Соңғы тәулікте Жетісуда 37, ал Алматы облысында 51 жағдай тіркелді. Ауырғандардың арасында толық екпе курсын алмағандар бар.

Екі өңір бойынша вакцинацилау көрсеткіштеріне көз жүгіртсек. Бүгінде 1 036 228 адам вакцинаның бірінші дозасын алды, бұл иммундауға жататын ересек халықтың 86,4% - ын құрайды. Екінші компонентті 994 866 азамат алды. 421 444 тұрғын ревакцинация курсынан (3 доза) өтті. Одан бөлек, қайта ревакцинациялауды (4 доза) 19 827 адам қабылдады.

Иммундау жұмыстары жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер арасында да жалғасуда.

Бүгінгі таңда вакцинацияланған халық саны 145494 адамды құрайды. Оның ішінде 111 073 жасөспірім, 4679 жүкті әйел, лактация кезеңіндегі – 17 777 әйел бар. Вакцинаның екінші компонентін 136 103 азамат алды. Оның ішінде, 12 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер – 105 599,  4317-сі жүкті және 16961-і бала емізетін әйелдер.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"