АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ АТАУЫ ҚАЗАҚШАЛАНАДЫ - ЖОБА

Уақыты: 26.07.2022
Оқылды: 4838
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы жаңа Қаулының жобасы шықты. Онда бірнеше ауылдық округке қазақша атау беру туралы ұсыныс айтылған. Қаулы жобасының толық мәтіні төмендегідей:

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4)тармақшасына және облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 8 қазандағы қорытындысына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Алматы облыстық мәслихаты мынадай ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Алматы облысының келесі ауылдары мен ауылдық округтері:

  1. Іле ауданының Энергетический ауылдық округі «Өтеген батыр» атауымен;
  2. Іле ауданының Чапаев ауылдық округі мен Чапаев ауылы «Байкент» ауылдық округі және «Байкент» ауылы атауымен;
  3. Іле ауданының Междуреченск ауылдық округі мен Междуреченск ауылы «Ақсай» ауылдық округі және «Ақсай» ауылы;
  4. Іле ауданы Энергетический ауылдық округінің Покровка ауылы «Кенен Әзірбаев» ауылы;
  5. Іле ауданы КазЦИК ауылдық округі Комсомол ауылы «Жайнақ» ауылы;
  6. Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің Қызыл Ту-4 ауылы «Жібек жолы» ауылы болып қайта аталсын.
  7. Осы бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Байжұмановқа жүктелсін.
  8. Осы бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешімі әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.