САРЫӨЗЕКТЕ ЖАУЫНГЕРЛІК АТЫСПЕН ШАБУЫЛДАУ ІС-ҚИМЫЛЫ КӨРСЕТІЛДІ

Уақыты: 31.07.2022
Оқылды: 1872
Бөлім: КҮНДЕРЕК

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты Сарыөзек гарнизонының шабуылдаушы құрамасының жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес, оқу-жаттығу полигонында бөлімнің әскери қызметшілеріне бөлімшелердің жауынгерлік үйлесімділігі бойынша әдістемелік-нұсқаулық сабақтары өткізілді.

Бөлімнің оқу полигонында бөлімшелердің жауынгерлік үйлесімділігі бойынша әдістемелік-нұсқаулық сабақтарын өткізуге арналған оқу орындары ұйымдастырылып, әскери қызметшілерге дәрістер оқылды.

Оқу орындарында жауынгерлік атыстар кезінде авиация соққысы, залалсыздырылмаған ауданмен жүріп өту, мина-жарылғыш қоршаудан өту және ұрыс алаңында жарақат алған жауынгерлерге алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша тәжірибе сабақтары жүргізілді.

Сабақ барысында әскери қызметшілерге жауынгерлік үйлестіру шеңберінде «бөлімшенің жауынгерлік атыспен шабуылдауы», «бөлімшенің жауынгерлік атыспен қорғаныс жасауы», «қарсыласқа шабуылдау және көзін жою», "бөлімшенің жауынгерлік атыстары" сияқты тақырыпта іс-қимылдар көрсетілді.

Оқу-әдістемелік жиыны күнінің екінші жартысында әскери бөлімнің бірінші шабуылдаушы батальоны жеке құрамы бөлімшелердің жауынгерлік атысын сапалы жүргізу мақсатында, заңсыз қаруланған қарсыластың тойтарыс беруін тоқтату, оларға шабуыл жасау, тактикалық кәсіби іс-қимылдарды жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін жетілдіріп, шеберліктерін паш етті. Ал жауынгерлік атысты өткізу үшін бөлімшенің барлық қаруынан оқ атуды көздейтін жағдай жасалды.

- Бөлімшелердің жауынгерлік үйлесімділігін арттыру мақсатында бөлімшелерге жауынгерлік атыс бойынша нұсқаулық-әдістемелік сабақтарын өткіздік. Бөлімшелер қойылған барлық тапсырмаларды жақсы орындады, - деді бірінші шабуылдау ротасының командирі, капитан Бақытжан Тұрғара.

Абзал САРТАЕВ,

Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы, майор

Кербұлақ ауданы,

Жетісу облысы