АЛАКӨЛДЕ ЖЕЛ СОҒЫП, ТОЛҚЫНҒА ТАП БОЛҒАН ТӨРТ АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Уақыты: 01.08.2022
Оқылды: 1216
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алакөлде төрт адам құтқарылды. Бұл туралы "Жетісу" газетінің сайты төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

"2022 жылы, 1 тамыз күні таңғы сағат 05.15-те Алакөл көлінде төрт адамның су ортасында қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Олардың біреуі кәмелетке толмаған (2000, 2003, 2003, 2007 жылы туғандар). Жастар катамаранмен жүзіп, жағалаудан алыстап кеткен. Көлде жел соғып, толқын көтерілгеннен кейін катараман судың ортасына кетіп қалған. Авариялық-құтқару жұмысын жүргізу үшін шақыру орнына дереу Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаменті Алакөл өңірінің жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жіберілді. Сағат 05.40-та жағадан 1.5 шақырым қашықтықта азаматтар табылып, жағаға жеткізілді. Құтқарылғандармен судағы қауіпсіздік және құтқару кеудешелерін міндетті түрде кию бойынша профилактикалық түсіндіру-әңгіме жұмыстары жүргізілді", - делінген Жетісу облысының ТЖД хабарламасында.

Төтенше жағдай қызметкерлері азаматтарды судағы қауіпсіздіктің барлық ережелерін сақтауға шақырады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"