ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА БАСҚАРМА БАСШЫЛАРЫ ЖАҢАДАН ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Уақыты: 01.08.2022
Оқылды: 2579
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Бүгін Жетісу облысында бірнеше басқарманың басшысы жаңадан тағайындалды. Бұл туралы "Жетісу" газетінің сайты хабарлады.

***

Атап айтқанда, Жетісу облысы әкімінің өкімімен Жанар Нұрқыдырқызы Керімбекова Жетісу облысы қаржы басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Жанар Нұрқыдырқызы 1974 жылы туған, білімі жоғары. Қазақ Ұлттық техникалық университетін «өндірістік жылу энергетикасы», Еуразия Нарық институтын «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын жеке кәсіпкерлік саласында бастап, бірнеше жыл осы бағытта еңбек етті.

Әр жылдарда Алматы облыстық қаржы басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы болған.

2011 жылдың желтоқсанынан Алматы облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары болды.

***

Ал Қанат Болатұлы Есболатов Жетісу облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Қанат Болатұлы 1982 жылы туған, білімі жоғары. Д.Қонаев атындағы университеттің «юриспруденция», Қазақ ұлттық аграрлық университетін «мемлекеттік басқару» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алматы облысы Ескелді ауданында «Досанов К.С.» шаруа қожалығы төрағасының орынбасары болып бастаған.

Кейін Алматы облыстық қаржы басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша инспекторы, аға инспекторы, Алматы қаласында «Megaron & K»  ЖШС қаржылық директоры, Алматы облысы Ескелді ауданы Көкжазық ауылдық округінің әкімі, Ескелді ауданы әкімінің  орынбасары, Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.

2022 жылдың ақпанынан Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметінде болды.

***

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Ернат Дүйсенбекұлы Бәзіл Жетісу облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Ернат Дүйсенбекұлы 1978 жылы туған, білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын «қалақұрылысы және шаруашылығы», М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Астана қаласында «СУС» ЖШС шебері болып бастаған.

Бірнеше жыл Астана және Алматы қалаларындағы жеке құрылыс компанияларында түрлі қызметтерде болды.

Әр жылдары Алматы қаласының құрылыс басқармасында жетекші маман, бас маман, Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы, бөлім бастығы, басқарма басшысының орынбасары, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының көріктендіру бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарды.

2021 жылдың мамырынан Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары болды.

***

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Айдын Жангелдіұлы Темірбаев Жетісу облысы цифрлық технологиялар басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Айдын Жангелдіұлы 1986 жылы туған, білімі жоғары. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «қаржы», Ө.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын «юриспруденция» және «ақпараттық жүйелер» мамандықтары бойынша бітірді.

Еңбек жолын «БТА Банк» АҚ Талдықорған филиалының маманы болып бастады.

Әр жылдары «Алматы облысы әкімінің аппараты» ММ «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ-да бөлім инженері, Алматы облысы әкімі аппараты мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, құжаттамамен қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы - облыс әкімі орынбасарының көмекшісі, Ақпараттық технологиялар, цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің басшысы, Құжаттамамен қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің меңгерушісі болды.

2021 жылдың желтоқсанынан  Алматы облысы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы.

***

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Дәркен Нұржанұлы Нұржанов Жетісу облысытық сәулет және қалақұрылысы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Дәркен Нұржанұлы 1981 жылы туған, білімі жоғары. Қазақ ұлттық техникалық университетінің «Полиграфиялық өндірістік технология», Қазақ аграрлық университетінің«юриспруденция», Тараз мемлекеттік университетін «сәулетші» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы Алматы қаласында «Қазақстанның жастар ақпарат қызметі» қоғамдық қорының нұсқаушысы болып бастаған.

Әр жылдары Қарасай ауданында учаскелік сәулетші, сәулетші, инженер, аға инженер, тұрғын үйлердің құрылысын бақылау секторының, жобалау геодезия бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.

Кейіннен Астана қаласында "ҚазҒЗСТҚСК" РМК қалақұрылысы жобалары бөлімінің маманы, Алматы облыстық құрылыс басқармасының бас маманы, Астана қаласында «Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, қадағалау, лицензиялау және аттестациялау департаменті» ММ Мемлекеттіксәулет-құрылыс бақылау басқармасының сарапшысы, ҚР Өңірлік даму министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында сарапшы, бас сарапшы, Алматы облысының сәулет және қалақұрылысы басқармасы басшысының орынбасары, басшысы, Талғар ауданы әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарған.

2021 жылдың сәуірінен Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары.

***

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Маржан Мұратқызы Мұрат Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Маржан Мұратқызы 1978 жылы туған, білімі жоғары. Қазақ академиялық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алматы қалалық әділет басқармасы Алмалы аудандық сотында сот мәжілісінің хатшысы болып бастады.

Бірнеше жыл сот жүйесінде және заңгерлік қызмет көрсету саласында еңбек етті.

Кейін Алматы облысының ауыл шаруашылығы департаментінде бөлім бастығы, Алматы облысының қаржы басқармасында бөлім бастығы, басқарма басшысының орынбасары, Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы, Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.

2020 жылдың шілдесінен Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"