ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ХАТШЫЛЫҒЫНА ЖАҢА МЕҢГЕРУШІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Уақыты: 12.09.2022
Оқылды: 3027
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі лауазымына Асхат Қанатұлы Тәкебаев тағайындалды.

Асхат Қанатұлы 1983 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. Орта Азия Университетін «педагог-психолог» мамандығы бойынша, Экономика және құқық академиясының «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2012 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша басқармасының персоналды басқарумен мемлекеттік қызметтің сапасын бағалау бөлімінен бастаған.

2015-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы.

2016-2017 жылдары Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы осы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы.

Әр жылдарда Қарасай, Сарқан аудандарында және Талдықорған қаласында жұмыс атқарған.

2020-2022 жылдары – Талдықорған қаласы әкімі аппаратының басшысы. Соңғы атқарған лауазымы - Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары.

Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 9 жылдан асады, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жүйесінде 5 жыл.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"