ПРОКУРАТУРА САЛАСЫ ЦИФРЛАНЫП ЖАТЫР. ҚАНДАЙ ҚЫЗМЕТТЕР ӨЗГЕРДІ?

Уақыты: 01.10.2022
Оқылды: 1414
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Құқықтық статистика органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызмет алу тәртібіндегі оң өзгерістер мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекет басшысының неғұрлым талап етілетін анықтамалар мен қағаз растамаларды алып тастау жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде ақпаратты цифрлық растау қамтамасыз етілгендігін хабарлаймыз.

Осы бағытта Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекет басшысының неғұрлым талап етілетін анықтамалар мен қағаз растамаларды алып тастау жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде ақпаратты цифрлық растауды қамтамасыз ете отырып, яғни өткен жылдың қазан айында және ағымдағы жылдың сәуір айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне (бұдан әрі – тізілім) мемлекеттік органдардың ұсынған ұсыныстары және анықтамалардың күшін жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар негізінде өзгерістер енгізілді, 9 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қазіргі кезде алынып тасталды. Мысалы, олардың бірқатары мыналар:

– Тұлғаның әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша мәліметтер беру (404 629 жыл бойы қағаз  айналымдар);

– Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру (жылына 1 млн.-нан астам анықтама);

– Жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған азаматтарға анықтама беру (жылына 44 анықтама);

– Жылжымайтын мүліктің меншік иесі (құқық иеленушісі) туралы мәліметтерді қамтитын техникалық паспортқа қосымша беру (жылына 307 224 анықтама);

– «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан анықтама беру (жылына 3 288 055 анықтама);

–  Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру (жылына 40 856 анықтама);

–  Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді-көшірме беру (жылына 106 079 анықтама);

– Тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімдерінен, тауар шығарылған жерлердің атауларынан үзінді көшірме беру (жылына 192 анықтама).

Жоғарыда көрсетілетін қызметтер қазіргі кезде 9 мемлекеттік қызмет көрсету анықтамаларын алып тастағаннан кейін мұндай ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етудің әртүрлі тәсілдері бар. Мысалы:

1) мекенжай анықтамасы дербес деректердің болуын ескере отырып, үшінші тұлғаларға арналған сервис арқылы беріледі (https://egov.kz/cms/ru/services/pass_sr11);

2) есепке алынуы Мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді ақпараттық ресурста қолжетімді ету болып табылады kgd.gov.kz (https://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web);

3) азаматтың жеке өзіне қажетті кейбір мәліметтер оның «Электрондық үкімет» порталының жеке кабинетінде қосымша көрсетіледі;

4) мемлекеттік органдар үшін интеграциялық өзара іс-қимыл;

5) «Электрондық үкімет» порталында жалпыға қолжетімді нысанда жүзеге асырылады.

Осыған орай, азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы артық қағаз айналымын болдырмау мақсатында «Электрондық үкімет» порталында шығыс құжатты басып шығару мүмкіндігінсіз ақпаратты қарау режимінде тізілімнен шығарылған мәліметтерді көрсетуді іске асыру туралы атап өтеміз. Алайда жеке және заңды тұлғалардан анықтамалардың қағаз нысанын, әсіресе «Заңды тұлғалар» «мемлекеттік базасынан анықтамалар беру» қызметі бойынша басып шығарудың мүмкін еместігіне қатысты өтініштер келіп түседі.

Жоғарыда көрсетілген анықтаманың 10 кіші түрі бойынша ақпарат жалпыға қолжетімді болып табылады, яғни ол ЭЦҚ-сыз (бір реттік пароль бойынша) тапсырыс бере алатын кез келген портал пайдаланушысына қарау режимінде қолжетімді. Сонымен қатар, заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтама тізілімнен шығарылмаған, оны алу техникалық жағынан pdf-форматында қолжетімді.

Бүгінгі күнде біздің үш мемлекеттік қызметімізді оңайлатып және жеделдетіп порталдан алуға болатын мүмкіндік жүзеге асырылған. «Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметі толықтай автоматтандырылған. Мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттар қабылдау және нәтижесін беру портал арқылы жүзеге асырылады.

Жүргізілген бұл жұмыс азаматтардың сұрауларының көп бөлігін үйден шықпай, 10 минуттың ішінде алуға мүмкіндік берді.

Қызметті оңтайландыру аясында азаматтарға оны ұялы байланыстың абоненттік қондырғылары арқылы, яғни, порталдың ұялы түрі арқылы алу мүмкіндігі ұсынылған.

Комитеттің қызметтерін 100% электрондық нысанға көшіру мақсатында, ҚР Әділет министрлігінің «Е-Апостиль» сервисін жүзеге асыру аясында апостиль қою бойынша қызметті толықтай автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Талғат ОМАРХАНОВ,

ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Жетісу облысы бойынша басқармасының аға прокуроры