Сақтаныңыз. Аптап ыстық келе жатыр

Уақыты: 02.06.2023
Оқылды: 859
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Синоптиктер 2023 жылдың 3-5 маусымында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.   

Ауа райына қатысты ресми дерек ұсынушы "Қазгидромет" РМК хабарлауынша, Қазақстанның бірқатар өңірінде қатты ыстық сақталады.

Мәселен, күндіз еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде +36+41°С-қа дейін күн ысыса, шығыста +33+39°С-қа дейін көтерілмек.

Ал орталықта +33+41°С-қа дейін жетсе, оңтүстікте ауа темпратурасы +37+44°С-қа дейін жоғарыламақ.

Елдің оңтүстік-шығысы да ыстық күндерді өткермек. Дәлірек, +30+39°С-қа дейін болжанған.

"Тек елдің батыс облыстарында және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында циклон мен атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады", - делінген хабарламада.

Фото: көрнекілікке алынды