КӨШКІН ЖОЛДЫ БАСЫП ҚАЛДЫ

Уақыты: 31.01.2018
Оқылды: 1411
Бөлім: КҮНДЕРЕК

     Алматы облысында орналасқан Түрген өзені бассейінінде болған қар көшкіні жолды басып қалды. Бұл туралы  "Қазселденқұтқару" ММ хабарлады. 

 

     30-қаңтарда Түрген өзені бассейніндегі Түрген ауылы - Батан шатқалы автожолында төрт мәрте қар көшкіні болып, жалпы көшкін көлемі 390 метрді құрады. Себеп: 29-қаңтарда Түрген өзені бассейінінде болған жерасты дүмпулері. Қазір жол толығымен тазаланды. Құрбан болған және қирандылар жоқ. Іле-Алатау табиғи паркі Түрген филиалының директорына бақылау-тексеру бекеті арқылы Түрген өзені аңғарына демалу үшін келушілерді уақытша шектеу, сондай-ақ Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігіне Түрген ауылдық окургіндегі барлық жолдарды қардан тазарту туралы арнайы хат жіберілген.