«Ақылды қала» атанса...

Уақыты: 16.02.2018
Оқылды: 1150
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Еліміздің болашағының жарқын болып, облысымыздың өсіп-гүлденуіне бірден-бір тілекші жандар ардагерлер дер едім. 

Ұрпағымыздың өсіп-өніп, бақытты ғұмыр кешуі біз үшін бәрінен де қымбат. Осы орайда қолымыздан келгенше қоғамдық іс-шараларға араласып, соның басы-қасында жүруге тырысамыз. Сол үшін де «Нұр Отан» партиясының мемлекетімізді дамыту, халықты алға бастап, түйткілді мәселерінің шешілуіне ұйытқы болып жүрген жарқын істеріне куә болудамыз. 
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев пен орынбасары Гүлнар Тойлыбаеваның ұйымдастыруымен түрлі іс-шаралар өтіп тұрады. 
Жуырда ғана «Елбасы – елінің тірегі, Астана – елімнің жүрегі» деген тақырыпта салтанатты жиын өтті. Оған куә болған біздер алға қойылған мақсат, міндеттермен айқынырақ танысып, әлемдегі «ақылды» бес қала туралы ақпарат алдық. Астанамыз да сол қатардан орын алса деген игі тілекті көкейімізге тоқыдық. 
Астананың гүлденуі – еліміздің өркендеуі. Астанамыздың «ақылды қалалардың», ал мемлекетіміздің өркениеті дамыған 30 елдің қатарына қосылуы үшін ардагерлер де өз тарапымыздан үлес қосып, «Нұр Отанның» игі бастамаларын қолдап, жас ұрпаққа үлгі-өнеге көрсете білуге тиіспіз. Осы жолда талмай еңбектеніп жүрген партия белсенділеріне, оның ішінде Ғалиасқар Төлендіұлы мен Гүлнар Қожағұлқызына ризашылығымыз шексіз. Қандай мәселемен болсын алдына барған жанның  жанайқайын тыңдап, оны шешуге өз тараптарынан атсалысып жүрген жандар «Нұр Отанның» шын белсенділері. Ал, «Нұр Отан»  көпшіліктің мүддесін қорғайтын халықтық партия. 

Камилә Омарбекова,
«Нұр Отан» партиясының мүшесі