ҒАНИ ҚАЙНАЗАРОВ «ЖЕТІСУ» ФУТБОЛ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫМЕН ТАНЫСТЫ

Уақыты: 25.06.2024
Оқылды: 265
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Qazaqstan Football League президенті Ғани Қайназаров жұмыс сапарымен Талдықорған қаласына келді.

QFL басшысы «Жетісу» ФК директорының уақытша міндетін атқарушы Ерлан Уразаевпен кездесіп, жергілікті футбол орталығының инфрақұрылымымен танысты. Қазіргі таңда бұл орталықта 14 жас категориясы бойынша 400-ден астам бала жаттығады. 

Ғани Қайназаров клуб басшылығының футбол алаңдарын қалыпты деңгейде ұстауына және жас спортшыларға қолайлы жағдай жасау маңыздылығы мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ, QFL президенті OLIMPBET QFL Премьер-лигасының 12-ші тур аясында «Жетісу» орталық стадионында өткен «Жетісу» мен «Қайсардың» кездесуін тамашалады. Айта кетейік, осы маусымда Жетісу облысынан QFL турнирлеріне 2 команда қатысуда («Жетісу» ФК OLIMPBET QFL Премьер-лигасында, ал «Жетісу Ж» командасы QFL Екінші лигасының «Солтүстік-Шығыс» конференциясында).

Дереккөз: qfl.kz