Алакөл ауданына қарасты Ақши ауылында орналасқан «Жалын» лагерінде «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ мен «Ұмтылыс Q» ҚБ бірлесе ұйымдастыруымен «Жетісу облысында студенттік және мектептік өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі іс-шаралар кешені» жобасы аясында «Жазғы лагерь» шарасы өтіп жатыр.
Шарада облыстағы барлық жоғары, арнаулы, орта оқу орындарында студенттік және мектептік өзін-өзі басқарудың тиімді моделін құру және оның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету дағдылары қалыптасады.
Жоба аясында жастардың көшбасшылық әлеуетін арттыруға арналған 5 түрлі бағытты қамтитын, 3 күндік оқыту курсы ұйымдастырылады. Ал жобаның негізгі мақсаты - студенттер мен оқушылардың жан-жақты дамуына көмек көрсету, қажетті дағдыларды үйрету, оларды мәдени, ұлттық, рухани-адамгершілік құндылықтарға бағдарлау және студенттер мен оқушылар арасында көшбасшыларды анықтау.
Дана АХМЕТОВА