Жүлделі оралды

Уақыты: 14.04.2018
Оқылды: 1218
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы қаласындағы «ІSМА» халықаралық мектебінде ментальді арифметикадан II Халықаралық олимпиада өтті. Олимпиадаға жер жүзіндегі 8 мемлекеттен 1100 оқушы қатысты. Талдықорған қаласындағы «ІSМА» мектебі де 5 оқушыны оқытып, даярлап, олимпиадаға қатыстырды. Үмітін үкілеген бесеуі де жүлделі орын алып келді.

II Халықаралық олимпиаданың жеңімпаздары «Томирис» мектепке даярлау тобының оқушысы Рустам Тауфиков, №12 орта мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушысы Айым Асқарбай, № 14 орта мектеп-гимназиясының 2-сынып оқушысы Әмина Талғатқызы атанды.  I орынға № 17 орта мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушысы Назар  Нағашыбек, М. Арын атындағы № 24 «Экономика бизнес» мектеп лицейінің  5-сынып оқушысы Айғаным  Болатова  ие болды.  Жоғарыда аталған барлық оқушы Дубай қаласында өтетін Халықаралық олимпиадаға жолдама алды. Оған жер жүзіндегі 17 мемлекеттің өкілдері қатысады. Олимпиадаға дайындық бүгіннен басталып кетті. Бізде оқыту, даярлау өте жоғары дәрежеде өтеді.  Сондықтан балаларымыз ол жерден де жеңіспен оралады деген сенімдеміз. Біздің әдіс баланың жадын жаттықтырады. Тәрбиеленушілеріміз ойша есепке жүйріктігімен ерекшеленеді.  Ментальді арифметикаға келген балалар болашақта қай шаруамен шұғылданса да біліктілігі, алғырлығы және тез шешім қабылдайтындығымен көштің алдында жүреді.  Бізге балаларын әкелгендер ұл-қызының өз ортасында белсенділік таныта бастағанын айтып, қуанады. 
Мақаланы қорытындылай келе, олимпиададан орын алған барлық оқушыларымыздың ата-аналарын мерейлері тасыған күнмен құттықтаймыз. Сондай-ақ,  №14 орта мектеп-гимназияның директоры  Г. Еспанова, №12 орта мектеп-гимназияның директоры Т. Андриянова, №17 орта мектеп-гимназиясының директоры Р. Керейбаева, М. Арын атындағы   № 24 «Экономика бизнес» мектеп-лицейінің директоры 
М. Галиева, «БНМ» директоры Л.  Сергееваларды  оқушыларының жеңісімен құттықтаймыз! II Халықаралық олимпиаданың чемпионы атану және I орынды жеңіп алу  маңдайға біткен бақ.  Біздің балаларымыз қашанда алдан көрінеді.  Өйткені олардың жан-жақты білім алуына, шыңдалуына, жетістікке жетуіне бар күш-жігерімізді саламыз. Мұндай білім шаңырағы Талдықорған қаласындағы орталық «Самал» шағынауданында да ашылды. Білім беруге әр жастағы балаларды аламыз. Мұнда ментальді арифметикадан басқа шет тілдері, пән сабақтары да оқытылады.  Ұстаздардың барлығы жоғары санатты. Көбі бұрынғы мектеп директорлары.  Егер балаларымызды оқытамын дегендер болса, 87013688101  телефонына хабарласуға болады. Баланың болашағын бүгіннен ойлаған жөн. 
            
Гүлнәр Бекбосын,
«ІSМА» мектебінің мұғалімі
Талдықорған қаласы