Ақсақалдың батасы

Уақыты: 06.10.2024
Оқылды: 2618
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Таңғы сағат 7:00-де Мемлекет гимнмен басталған №402 референдум учаскесіне алғашқылардың бірі болып Құмарғали Сүлейменов ақсақал мен зайыбы Хафиза Қалиясқарова апамыз келді. 

- Еліміздегі әрқандай игі іске қашанда қолдауға дайынбыз. Әсіресе, ұрпағымыздың болашағы үшін жасалған қадамдарды құтпаймыз. Мемлекетті өркендету үшін, дамыған елдер қатарына жеткізу үшін жұдырықтай жұмыла еңбек етуге тиіспіз, - дейді атамыз.

Ал өмірін денсаулық сақтау саласына арнап, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп жүрген апамыз:

-Таңғы сағат 6-да тұрып осында келуге асықтым. Өйткені, балаларымыздың,  немере-шөбереміздің жарқын күнде өмір сүргенін ойлаймыз. Ынтымақ пен береке, болашаққа батыл қадамдар соның кепілі, - дейді.

Қашанда қандайда бір игі істі ақсақалдың ақ батасымен бастайтын дәстүріміз бар. Құмарғали ақсақал көпшілікке бата беріп, референдумның нәтижелі өтуін сәттілік тіледі.

"Жетісу-Ақпарат"