21 қаңтарда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Уақыты: 21.01.2025
Оқылды: 219
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазгидромет сейсенбі, 21 қаңтарда Қазақстан тұрғындарын қандай ауа райы күтетінін айтты.

Қазгидромет мәліметінше, Астанада қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 9-20 м/с аралығында. Ауа температурасы -2...-4°C.

Алматыда жауын-шашынсыз, таңертең тұман болады. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с. Түнде -2...-4°C, күндіз +3...+5°C.

Шымкентте таңертең және күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр). Желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Түнде 0...-2°C, күндіз +4...+6°C.

Алматы облысында таулы аудандарда тұман, кей жерлерде қар жауып, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 9-20 м/с. Конаевта жауын-шашынсыз, түнде -3...-5°C, күндіз +3...+5°C.

Ақтөбе облысында қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады. Желдің екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы -1...-6°C.

Жамбыл облысында жаңбыр, қар, тұман және көктайғақ. Жел 28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Таразда күндіз +8...+10°C, түнде 0...-2°C.

Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында қар жауып, боран соғады, кей жерлерде көктайғақ болады. Түнде -3...-8°C, күндіз 0...+3°C.

Қызылорда облысында жаңбыр, қар, тұман және көктайғақ. Желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. Күндіз +1...+3°C, түнде -1...-3°C.

Елдің көп аймағында ауа райы құбылмалы болып, қар, жаңбыр және көктайғақ.

Фото: dknews.kz