Қазақстанда жанар-жағармай бағасы қымбаттайды

Уақыты: 21.01.2025
Оқылды: 349
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстанда жанар-жағармай бағасы көтерілмекші. Бұл туралы "31 арна" мәлімдеді.

Энергетика министрлігі жанар-жағармай бағасын мемлекеттік реттеуді кезең-кезеңімен тоқтату жоспарын жариялады. Министрлік өкілдерінің айтуынша, Қазақстанда жанар-жағармай бағасы әлемдегі ең төмен баға деңгейінде. Бағаның өсуіне негізгі себеп ретінде көрші елдердегі жоғары бағамен салыстырғанда Қазақстаннан заңсыз экспорт пен өнімнің перетоктары аталды.

Энергетика министрлігінің мұнайды тасымалдау және өңдеу департаменті басшысының орынбасары Талғат Макуов: "Бағаның төмен болуы салдарынан автокөлік бензині мен дизель отынының қоры жыл ішінде 35-40%-ға азайды."

Сарапшылардың айтуынша, Қазақстандағы жанар-жағармай бағасы ұзақ уақыт бойы субсидияланған, бұл салаға шығын келтірген. Нарықтық баға бойынша, 92-бензиннің теңгерімді құны – шамамен 320 теңге, 95-бензин – 350 теңге, дизель отыны – 360-380 теңге, ал сұйытылған газ – 180-200 теңге болуы тиіс.

Жанар-жағармай бағасының көтерілуі тауарлардың барлық түрінің қымбаттауына әкеледі, себебі энергия тасымалдаушылары – баға белгілеудің негізгі факторларының бірі.

Фото: ru.apa.az