Оқи отырыңыз
Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті 2024 жылды қорытындылап, 2025 жылға арналған негізгі міндеттерді белгіледі.
Жиын барысында өткен жылдың жетістіктері мен нәтижелері қаралып, жеке құрамның жауынгерлік дайындығы, тәртіп пен кәсібилік мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, 2025 жылға арналған жұмыс тиімділігін арттыру және өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі