167 жолаушысы бар ұшақ түгелдей жанып кетті

Уақыты: 29.01.2025
Оқылды: 2479
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Оңтүстік Кореяның Пусан қаласындағы әуежайда ұшуға дайындалып жатқан Air Busan әуекомпаниясының ұшағы өртеніп кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұшақта 176 адам болған. Барлық 169 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі үрлемелі траптар арқылы дер кезінде эвакуацияланған. Өрт сөндірушілердің хабарлауынша, эвакуация кезінде үш адам жеңіл жарақаттар алған.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, өрт ұшуға бірнеше минут қалғанда ұшақтың құйрық бөлігінде басталып, тез арада ұшақтың барлық бөлігіне тарап үлгерген.

Фото: en.yna.co.kr