2024 жылы Жетісу облысында мемлекеттік қызметшілер саны 3 637-ге жетіп, электронды қызметтердің үлесі 98%-ды жетті. Меритократия негізінде 79 қызметші лауазымдарын жоғарылатты. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы жақсарып, бюрократияны азайту бағытында жұмыстар жүргізілді.
Мемлекеттік қызмет саласында меритократия принципі бойынша 79 қызметші лауазымында жоғарылады. 2024 жылы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 935 қызметші оқытылды, оның ішінде 794 адам біліктілігін арттыру курстарынан, 141 адам қайта даярлаудан өтті. Жоғары оқу орындарын мемлекеттік тапсырыспен үздік аяқтаған 24 түлек аудандық және ауылдық деңгейде жұмысқа орналасты.
Әдеп жөніндегі кеңес 9 отырыс өткізіп, 117 мәселені қарады. Тәртіптік істер бойынша 33 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жазалар қолдану ұсынылды. Сонымен қатар, профилактикалық сұрақтар бойынша 322 ұсыным толық орындалды. Департамент 10 мемлекеттік органда профилактикалық және 15 жоспардан тыс тексеріс өткізіп, 564 заңбұзушылықты анықтады.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласында 6 966 139 қызмет көрсетілді, оның 70%-ы жергілікті атқарушы органдар арқылы жүзеге асырылды. Электронды қызметтердің үлесі 98%-ды құрады. Мемлекеттік қызметтердің сапасы бойынша 50 шағым түсті, нәтижесінде 7 шағым расталып, 5 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Бюрократияны азайту мақсатында 6 салаға талдау жасалып, 22 ұсыныс енгізілді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы бірнеше жобалар іске асырылды, оның ішінде «Ең алдымен адамдар» жобасы және «Елге қызмет» бағдарламасы аясында 13 тікелей эфир ұйымдастырылды.
Жалпы, 2024 жылы мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру, ашықтықты арттыру және бюрократияны азайту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды.
Аяулым ШЫНГАЕВА
ЖУ-дің студенті
Фото: ӨКҚ